Теннис • 02 Маусым, 2023

Үшінші айналымға жолдама алды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші және екінші ракеткалары – Елена Ры­бакина мен Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.

Үшінші айналымға жолдама алды

Елена Рыбакина бұл кезеңде Чехия тенни­сінің жас жұлдызы, қазіргі таңда әлемдік рейтингте 50-орында тұрған 18 жастағы Линда Нос­ковамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда отандасымыз екі брейк жасап, алғашқы сетті 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Соңғы, тоғызыншы геймді теннисшілер он минуттан аса уақыт ойнап, Рыбакина тек алтыншы сет-пойнтта ғана қарсыласын қапы қалдырды.

Екінші сетте қарсыластар өздері допты ойынға қосқан геймінде сауатты ойнап, ұзақ уақыт бойы таразы басы теңселіп тұрды. Се­гізінші геймге келгенде Рыбакина 40:15 есе­бімен брейк жасап, тоғызыншы геймде ойын­ның нүктесін қойды – 6:3. Елена үшінші айналымда испаниялық Сара Соррибес-Тормо немесе хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі.

Ал Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Цинь­вэньмен кездесіп, үш сетке жалғасқан матчта – 6:3, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы америкалық Слоан Сти­венспен шеберлік байқасады.