Спорт • 01 Маусым, 2023

Жазғы Паралимпия ойындары мәресіне жетті

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы, Астана және Ақ­төбе қалаларында ұй­ым­­дастырылған ті­рек қи­мыл аппараты және кө­ру қабілеті за­қым­дан­ған спортшылар ара­сында алтыншы жаз­ғы Паралимпия ойын­дары­ның алауы сөнді. Жа­рыс­қа еліміздің 20 өңі­рінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спор­ттың 10 тү­рінен жүлделерді сарап­қа салды.

Жазғы Паралимпия ойындары мәресіне жетті

Жиырма күнге жалғасқан жарыс қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте 44 алтын, 15 күміс және 10 қола медаль олжалаған Қарағанды облысының спортшылары екін­ші рет үздік шықты. Екінші орынды 35 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алған Атырау облысының өкіл­дері ие­ленсе, үздік үштікті 24 алтын, 16 күміс және 6 қола медальмен Ақтөбе облысы түйін­деді.

Паралимпия ойындары – төрт жылда бір рет өтетін елі­міздегі ең маңызды спорттық іс-шара. Оның басты мақсаты – дене мүм­кіндіктері шектеулі тұл­ға­лар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, елі­мізде пара­лимпиадалық спорт түрлерін дамыту және үз­дік өнер көрсеткен спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу. Биыл Паралимпиада жа­рыстарына еліміздің барлық өңі­рінен әртүрлі жастағы спортшылар қатысты. Олардың ара­сында ең жас спортшы 16 жаста болса, ең үлкені 78 жаста. Қатысушылардың араcында 2016 жылғы Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зульфия Габидул­лина, 2020 жылғы Токио Пара­лимпиадасының чемпионы Да­вид Дегтярев, жүлдегерлер – Әнуар Сариев пен Нұрдаулет Жұ­мағали, пара дзюдодан әлем чемпиондары Ақмарал Науат­бек, Ерғали Шамей, басқа да ірі халықаралық жарыстардың же­ңімпаздары да болды.

Биылғы ойындар барысында пара жеңіл атлетика (247 спорт­шы), пара үстел теннисі (157 спортшы) және пара жүзу (124 спорт­шы) спорт түрлерінен ең көп спортшы қатысқанын ерекше атап өткен жөн. Осы жарыс аясында алғаш рет елімізде Т-64 санаты бойынша протезбен жүгіруден жарыс ұй­ым­дас­тырылды. Сонымен қатар би­ыл­ғы Паралимпия ойын­да­рында еліміздің 9 рекорды жа­ңартылды.

Сондай-ақ осы жарыстарда үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына қабылданып, алда келе жатқан Ханчжоу-2022 IV Пара Азия ой­ын­дары мен XVII жазғы Пара­­лимпия ойындарының ірік­теу жарыстарына қатысуға мүмкіндік алды.

«Биылғы Паралимпия ойын­дары мен үшін өте қызықты өтті. Мықты спортшылардың арасында өз күшімді сынап кө­руге мүмкіндік берген ұй­ым­дас­тырушыларға алғысым шек­сіз. Пара үстел тен­нисінен өткен S4 санатындағы сайыс­та еліміздің ең мықты тен­нисшілерінен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атандым», деп ағынан жарылды пара үстел тен­ни­сінен ұлттық құрама спортшысы Мейірбек Өтепов.