Өнім • 01 Маусым, 2023

Ақпәтердегі инновациялық жоба

464 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Топырақты органикалық заттармен тыңайту көпшілік үшін бас ауыртар мәселеге айналғалы қашан? Бірақ мұны шешудің балама жолы бар. Ол – калифорниялық құрттарды пайдалану әдісі. Бұл жалпы табиғи таза органикалық тыңайтқыш – биогумус өндіру.

Ақпәтердегі инновациялық жоба

Биогумус – ауыл шаруа­шы­лы­­ғындағы органикалық және тұр­мыстық қалдықтарды, өсімдік қал­дықтарын, жапырақтарды, шөп­терді және малдардан шыққан көң­ қалдықтарын калифорниялық құр­т­тар көмегімен қайта өнді­ріл­ген табиғи таза тыңайтқыш. Яғни кали­форния құрты қалдықтарды жеп,­ өзінен биогумус шығарады. Ол­ ең күшті табиғи таза тыңайт­қыш­ болып саналады.

«Естімеген елде көп» дегендей, жаңа жобаны Казталов ауданына қа­рас­ты Ақпәтер ауылындағы До­сым­ Махамбетов бастап жатыр. Та­биғи таза өнім – ауыл шаруа­шы­­­л­ығы үшін таптырмас дүние. Ауыл­­­дағы үйінің ауласынан био­­­­­­­­­гу­­мус өндіруді қолға алған жа­ңа­­­­­шыл жас бұл өндірістің қыр-сы­ры­­­­­­мен бөлісті.

– Аталған бизнесті бас­тау­­ үші­н бастапқыда кали­фор­ния­­­лық­ құрттарды сатып алу ке­рек­.­ Оны­ біз Алматы облысы Қара­сай­ ауданындағы шаруа қожа­лы­­ғы­нан­ сатып алдық. Кәсібімді бас­тау­ға шамамен 500 мың дана құрт­ шы­лау­шы­нын алдым. Шылау­шын­дар­ды жыл бойы жұмыс істе­ту­ үшін арнайы қоймада сақтаймыз. Сон­­да олар жыл он екі ай жұмыс іс­­тей­­ді. Биогумус өндіру үшін бар­­лық қалдықты жинаймыз. Сол­ қал­дықтарға калифорниялық құрт­­­­тарды жібереміз. Ауыл­да­ не көп,­ малдың көңі көп. Суб­страт бес­-алты ай шамасында өңде­ле­ді­.­ Суб­с­трат­ты үнемі 80 па­йыз­ ыл­­­ғалда ұс­таған дұрыс. Тиім­ді жағ­­дай жаса­луына байланысты құрт­­тар­дың­ саны 5-10 есеге дейін кө­бе­й­­е­­ді, – дейді Досым Ма­хам­­бетов.

500 мың калифорниялық құрт­ 1 тонна қалдықты 8-10 күн ішінде өңдеп, табиғи таза тыңайт­қыш –  биогумусқа айландырады. Кали­фор­ниялық құрттарға берерден 1-2 ай бұрын қалдықтарды компостау үдерісінен өткізу керек. Себе­бі қалдықтар құрамында құрт­тарға ұнамайтын зиянды нит­раттар бар. «Ол үшін көңді биік­тігін 1 метр, енін 2 метр, ұзын­ды­ғын 10 метр қылып бір жерге жи­нап, үстіне қалдықтарды тез ашы­туға арналған бактерияларды­ құя­мыз. Көңнің үстін жауып қоя­мыз. Компостау кезінде пайда бол­ған жылу төбеге көтеріліп кет­пеуі қажет. Ылғалдылығын күн сайын су шашу арқылы 1-2 ай бойы ұстап тұрамыз. 15 күн өткен­нен кейін бактериялар күші­мен­ қалдық ішіндегі температура 50-60 градусқа дейін жетеді және тез ашу үдерісі басталады. Бакте­­риялар болмаса ашу үдерісі 1-2 жыл­­ға созылып кетуі мүмкін. Сон­дықтан бактерияларды пай­да­ланамыз», дейді ол.

Биогумустың артықшылығы бұл өніммен өңделген өсімдіктер өз­дерін жақсы сезінеді, имму­ни­теті жоғарылайды. Топырақ­тың­ құнарлылығы артып, өсім­­дік­тердің өнімділігі 45-50 па­йыз­ға­ дейін артады. Бұл ғылыми не­гізде дәлелденген. Расында, әр­түрлі химиялық, зиянды ты­ңай­т­қыштарға қарағанда табиғи таза­ өнімді пайдаланған дұрыс. Био­гу­мус – бау-бақша, егістік еккен ди­қан­дар үшін өте тиімді өнім. Әзір­ге табиғи таза өнімді өндіруді өз қаражатына бастаған Досым алда­ғы­ уақытта қаржылай қолдау болса,­ өндіріс көзін ұлғайтуды жос­парлап отыр. Жалынды жастың қолға алған иннова­ция­лық­ жобасы көпке үлгі әрі тиісті та­рап­тан қолдау табады деген сенім­деміз.

 

Қайрат ЖАҚЫП

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы