Анықталғандай, оқты 28 жастағы сержант атқан. Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында кикілжің болмаған. Оқиға кезінде екі полицей де ас бөлмесінде болған. Кездейсоқ оқ атылып, салдарынан офицер алған жарақатынан сол жерде көз жұмыпты.
«Бүгін, 5 маусымда қызметтік қарумен абайсыз әрекет ету салдарынан полиция қызметкері әріптесіне оқ атқан. Алған жарақатынан офицер көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.