Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев қола медаль иегері атанды, ол 100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін күресте Қазақстан өкілі Польша спортшысы Каспер Сзуровскийді жеңді.
Айта кетсек, жарыстың бірінші күнінде тағы бір қазақстандық Сұңғат Жұбат (66 кг) қола медаль иеленді. Бірақ бұл екі медаль біздің спортшыларға Гран-придің үздік үштігіне кіруге мүмкіндік бермеді.
Тәжікстандағы Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Ресей өкілдері жеңімпаз атанды, олар 11 медаль жеңіп алды. Ал татами иелері екінші қатарға орналасса, ең мықты үштікті Германия құрамасы түйіндеді.