Қоғам • 05 Маусым, 2023

Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті тұрғын канал жиегіндегі күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Ол Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент болып шықты. 

5 маусым сағат 11:30 шамасында Жалағаш ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты шолып жүргенде алдарынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көлікті тоқтатуды өтінген. Ол Бұқарбай батыр елді мекеніне қарасты «Северный» каналында бір азаматтың суға батып бара жатқанын айтқан.

Полицей Ержан Абдраманов ойланбастан суға секіріп, жігітті жағаға шығарған. Бұдан соң, тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.