Қазақстан • 05 Маусым, 2023

Балконында байрақ желбіреген бас қала

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рәміздер күнінде елор­да­дағы бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары терезеге, балконға Мемлекет­тік Ту ілуді дәстүрге айнал­­дырды. Биыл да игі бас­таманың жібі үзілмей, жал­ғасты. Атаулы күннен Астана қаласының әкім­дігі де қалыс қалмай, қа­лаға қарасты аудандар­мен ұйысып, іс-шара ұйым­дастырды.

Балконында байрақ желбіреген бас қала

­Мысалы, осы күні қала әкім­­дігі бастап, Байқоңыр ауда­ны әкімі аппаратының қыз­меткерлері мен Қарулы Күш­тердің Ұлттық әс­ке­ри-пат­риот­тық орталығының ­же­­ке құ­рамы бірлесіп, Мемлекет­тік әскери-тарихи музей алдын­да Әнұран шырқады. Еске салар болсақ, биыл Қорғаныс ми­нистрлігінің нұсқауымен 3 ма­мырда Астана қаласында Қа­рулы Күштердің тарихында алғаш рет шығармашылық жасағы құрыл­ған-тын. Бұл құрамға Астана және Алматы, Семей қалаларынан сарбаз жинақталған. Орайлы сәтте Қарулы Күштердің Ұлттық әс­ке­ри-патриоттық орталығының бас­­­шысы Арман Әсенов Мем­ле­кет­тік рәміздердің сарбаздар­ды жігерлендіретінін айтты.

– Біздің толқын Мемле­кет­тік рәміздердің қандай қиын­дық­тардан өтіп қабылданғанын біледі. Сондықтан біз жас сарбаздар Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға бой түзеуіміз керек деп есептейміз. Ұлттық әс­кери-пат­риоттық орталығы жас­тар­ды отан­сүйгіштікке тәр­бие­леу­ді мақ­сат тұтқан. Мемле­кет­­тік рәміз­дер – елдігіміздің, тұрақ­ты­лы­ғы­мыз­дың символы. Біз осыны мақ­­тан тұтынуымыз керек. Елі­міздің Мемлекеттік рәміздеріне на­зар аударған кез келген адам біз­дің өзге мемлекеттермен ын­­ты­­мақтастықта еркін өмір сү­ріп жат­­қанымызды біледі деп ой­лай­­мын. Әрине, біз бұған бек қуа­ныштымыз, деді А.Әсенов.

Көп ұзамай көпшіліктің ал­ды­на Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев шығып, аудан тұрғындарын құттықтады.

– Біздің Мемлекеттік рәміз­дер халқымыздың тарихы мен тағ­­дырын, ұлы мақсаттарға ұм­ты­­лы­сын танытады. Тәуелсіздік жыл­­дарындағы төл рәміздеріміз дү­ниеге келген күн баршамыз ұмыт­­­пайтын сәтке айналды. Мем­­­лекеттік рәміздеріміз – тек көр­­­кем образ ғана емес, тә­уел­­­­сіз­­діктің сим­­­волы. Қыран бей­­­не­ленген көк туымыз, ша­ңы­­рақ шы­райлы Ел­таң­бамыз, Әнұра­ны­­мыздың әсер­­лі әуені мен рух­­ты мәтіні бүгін­де тә­уел­­сіз елі­­мізді әлемге таныт­қан ұлт­­тық ­ай­шы­­ғы
мызға айналды», деді ол.

Рәміздер күнінде тұрғын­дар елордадағы көппәтерлі үйлер­дің тұрғындары келісіп, балкон, те­резеге Мемлекеттік Ту ілді. Соны­мен қатар мереке қар­саңында қа­ла­дағы Байқоңыр ­ауданында абат­тандырылған 5 жаңа аула ашылды. Аталған аула­ларда мерекелік іс-шараға қа­тысқан тұрғындар жергілікті әкім­дікке алғыс айтып, шат-ша­дыман болысты.