Аймақтар • 07 Маусым, 2023

Күн күрт ысып, көпір құлады

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда күн күрт ысып, биік таулардағы мұздықтар еріп жатыр. Еріген қар суы өзендерге құйылып, су деңгейі шамадан тыс көтерілген. Салдарынан Катонқарағай ауданы, Берел ауылындағы үлкен көпірдің бір басын су құлатып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн күрт ысып, көпір құлады

Мамандардың айтуынша, Ақбұлқақ өзені биыл 4 метрден жоғары көтерілді. Қатты тасыды дегенде 2.5 метрге дейін көтерілетін. Бұл жолы арнадан асқан Ақбұлқақ өзені 5 метр дамбыны шайып әкетті.

«34 жылдық тарихы бар көпірге 2014 жылы бөгеу дамбы салынған. Он жылға жуық уақыт өткенімен, берік еді. Алайда, биыл су көтеріліп, көпірдің басын құлатып кетті. Қазір оқиға орнына ауыр техникалар тартылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары басталды», дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан.