Медицина • 08 Маусым, 2023

Сүт безі ісігін емдеудің амал-тәсілі

221 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада дәрігерлер сүт безі ісігін диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. Конференцияда мамандар салаға қатысты аса маңызды тактикалық мәселелерді шешудің тың әдіс-тәсілін ұсынды.

Сүт безі ісігін емдеудің амал-тәсілі

Дәрігерлер сүт безі ісігін ем­деудің оңтайлы тактикасын диагностикалауға және таң­дауға байланысты көптеген сұраққа алаңдаулы. Сон­дық­тан аталған іс-шара елі­міз үшін ғана емес, бүкіл кә­сіби қоғамдастық үшін де ма­ңызды. Конференцияға келген қонақтардың қатарында тә­жірибелі онкомаммологтер, хи­рургтер, ультрадыбыстық диаг­ностика дәрігерлері, химио­терапевтер, сәулелік терапия ма­мандары, патоморфологтер бар. Сондай-ақ Ресейден де спикерлер қатысты.

Форумның бірінші күнінде сала мамандары сүт безінің онко­пластикалық хирургиясы, сүт безі обыры хирургиясы, сүт безі қатерлі ісігінің дәрілік және сәулелік терапиясының принциптері, сүт безі қатерлі ісі­гінің диагностикасы жайында ой бөлісті. Конференцияда Ұлт­тық ғылыми онкология ор­талығы басқарма төрағасының медициналық қызмет жө­нін­дегі орынбасары Әділбек Мұқа­жанов іс-шараның мән-маңызы туралы айтып берген еді.

«Жасыратыны жоқ, сүт бе­зі обырына шалдыққан нау­қас­тар көбейіп жатыр. Өйт­кені аурудың осы түрі ке­ше ғана пайда болған жоқ, бұ­рын­нан бар. Иә, кейінгі 10 жыл­дың өзінде медицина сала­сы айтарлықтай ілгеріледі. Сүт безі ісігін емдеудің әдіс­­тә­сіл­­дері көбейді. Осы ба­ғыт­­та білікті мамандардың із­де­ністері көп. Дәрі-дәрмектер де же­теді. Бұрында осындай дерт­ке шалдыққан әйелдердің сүт безін түгел алып тастай­тын. Мұн­дайда әйелге психо­ло­гия­лық салмақ түсетіні түсінікті. Қазіргі медицина осы жайды да бағамдап, алдын ала алады. Тек осындай тәжірибелер негізді қолданылуы керек. Бүгінгі конференцияда елдегі, шетелдегі әріп­тестермен сүт безі обырын диагностикалауда, емдеу­де қан­дай кедергілер барын анық­тап, жетістіктерімізді орта салып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Бүгін медицина маманда­ры баяндама жасаса, ертең елдің және шетелдің дәрігерлері бір­лесіп, хи­рургиялық операциялар жасайды. Ол операцияны қонақтар онлайн режімде тамашалай алады», деді Әділбек Мұқажанов.

Дүниежүзі денсаулық сақ­тау ұйымының дерегінше, 2020 жылы әлемде 2,26 млн-нан ас­там пациент сүт безі обырына шалдыққан. Бұл – қатерлі ісікке шалдыққандардың жалпы дерегінің 11,7 пайызына тең. Сол жылы сүт безі обыры­нан 685 мың адам мезгілсіз көз жұмған. Ұлттық онкология ор­та­лығының мамандары сүт безі обырын емдеуге ерекше на­зар аударып отыр. Мысалы, былтыр орталықта 460 маммология секторы бойынша 460 ота жасалған. Оның 265-і бір уақытта пластикамен бірге жасал­са, 93-і – онкопластикалық ре­зек­­циямен жасалған. Соны­мен қатар орталықтың мамандары Ресей, Израиль, Оңтүстік Ко­рея, сосын Еуропа елдеріне ба­рып, біліктілігін арттыру­дан қол үзбеген. Өңірдегі әріп­тес­тер­мен де тығыз байланыста. Саладағы өзекті мәсе­ле­лер талқыланған конференцияда да дәрігерлер мол мағлұмат алды.