Теннис • 09 Маусым, 2023

Андрей Голубев Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен дуэтте Хейльбронн қаласында (Германия) өтіп жатқан турнирде жұптық сайыстың ширек финалдық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Андрей Голубев Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

1/4 финалда Голубев пен Молчановқа француз Джонатан Эйсерик пен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела қарсы шықты. Кездесу екі сетте қазақ-украин дуэтінің жеңісімен аяқталды – 6:4, 7:6.

Еске салайық, бұған дейін Андрей Голубев пен Денис Молчанов босниялық Дамир Джумхур мен ресейлік Павел Котовты 7:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.

Хайльбронндағы турнирдің жүлде қоры 145 000 еуроны құрайды. Турнир жеңімпаздары 8 444 еуро жинап, әрқайсысы 125 рейтингтік ұпайға ие болады.