Маманның айтуынша, Құрлық əскерлері қару жарақ пен əскери техниканың, жоғары дəлдіктегі қарудың, байланыс, барлау жəне автоматтандырылған басқару жүйелерінің заманауи үлгілерімен жабдықталған. Тəжірибе жүзінде өзінің тиімділігін көрсеткен дəлдігі жоғары жүйелер мен қару-жарақтардың əлеуеті ескеріле отырып, соңғы үлгідегі техникамен жарақтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.
Алайда Талғат Қойбақов әскерді қарумен жабдықтаумен қатар оны іс жүзінде қолдану пәрменін де назарға алды. Соған орай жауынгерлердің қару-жарақты шынайы жағдайда қолдану қабілетін арттыру мақсатында оқу-жаттығу жиындары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Қазір қысқы оқу кезеңі аяқталды. Жыл мезгілдері бойынша əрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар екендігі де ескеріледі. Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты – гибридті қауіп-қатер жағдайында əрекет ету, түрлі прокси-күштерге қарсы әрдайым дайын болу.
Сұхбат соңында генерал-лейтенант əскер дайындығы – үздіксіз жүргізілетін үрдіс екенін еске салды. Оның айтуынша, он немесе бес жыл бұрынғы дағдылар мен әдіс-тәсілдер бүгінгі қатерлердің алдында қауқарсыз болып қалуы мүмкін. Осы тұста мақала авторы Қазақстан Қарулы Күштерінің күш-қуатын арттыру мақсатында жауынгерлерді ең тиімді әрі заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету - күн тəртібінен түспейтін міндет екенін алға тартып отыр.
Сұхбаттың толық нұсқасын Ескендір Зұлқарнайдың «Әскер дайындығы - үздіксіз жүретін үрдіс» мақаласынан оқи аласыздар. Айта кетсек, бұл мақала «Egemen Qazaqstan» газетінің №109 (30588) санында жарияланған.