Спорт • 13 Маусым, 2023

Қазақстан велошабандоздары Азия чемпионатында алтын алды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан велошабандоздары шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан велошабандоздары Азия чемпионатында алтын алды

Бұл туралы Қазақстанның велосипед спорты федерациясы мәлімдеді.

Ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан велоспортшысы Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші кесіп өтіп, алтын алды.

Тағы бір отандасымыз Евгений Гидич екінші болып келсе, жапон велоспортшысы үздік үштікті тұйықтады.

Айта кетсек, Қазақстан намысын қорғаған велоспортшы Евгений Фёдоров Тайландта өтіп жатқан чемпионатта жүлделі болып, алтыннан алқа таққан еді.