04 Маусым, 2010

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ АСТАНА

650 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
ӘУЕЖАЙ – ЕЛОРДА АЙНАСЫ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Есіл жағалауындағы ас­та­налық әуежай сапа мен қызмет көрсетудің әлемдік стандарт­та­ры­на сәйкес салынған елі­міз­дің алғашқы әуе қақ­­пасы болып табы­ла­ды. Бәрімізге белгілі, ғасырлар тоғысында замана рефор­маторы, еліміздіңТұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың ерен ерік-жігерімен еліміздің елордасы – Астана қаласының өмірге келуі ғасыр ға­жайыптарының бірінен са­налады. Бүгінде бүкіл әлемді таң­дандырған өркениетті шаһар – Астананы төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келген қонақ­тарға алғаш та­ныстыратын “Астана халық­ара­лық әуежайы” АҚ екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Қай елдің, қай қаланың болмасын болмысын көрсе­тетін алғашқы қақпа әуежай болып табылады. Әр әуе­жайдың өзіне ғана тән тарихы бар. Астана әуежайы­ның та­рихы сонау 1931 жылдан бастау алады. Солай бола тұрса да, Астана әуежа­йының нағыз гүлдену дәуірі елорданың Ақмолаға көшірілуі кезеңімен қабаттаса өріледі. Бүгінде Астана әуежайы “халықаралық” деген атына сай, инфрақұрылымы дамыған, әлемдік стандарттарға толық жауап беретін әуежайлардың бірінен саналады. Қазір Астана халықаралық әуежайы дүние­жүзілік қолданыстағы барлық көлемдегі және салмақтағы әуе кемелерін қабылдай алады. ИКАО ІІІ дәрежелі сертифи­ка­тына сәйкес келетін аймақтағы ең озық ұшу алаңы, ТМД мем­ле­кеттерінде сирек кездесетін жанар-жағармай құю ги­дрант­ты жүйесі бар біздің әуе­жайымыз бүгінде әлемдегі ең озық басқа да техникалық құрал­дармен жарақ­танды­рылған. Жола­у­шы­ларға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету салалары бойынша ІSO 9000-2001 серти­фикатын иеленген Астана әуежайы алдыңғы қ­а­тар­лы жалпы еуропалық стан­дарттарға сай қызмет етеді. Сонымен қатар Астана әуежайы Ground Handlіng Councіl ІATA халықаралық ұйымның құра­мы­на кіреді. Яғни, бүгінгі күні Астана әуежайы әуе кеме­ле­рінің барлық түрлеріне шек­теу­сіз әрі сапалы қызмет көр­се­тетін орталық болып табылады. Өткен жылы біз Астана әуе­жайының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нысандарды іске қостық. Атап айт­қанда, жабық автопаркинг са­лынып, бұрын жұмыс істеп тұрған гараж қайта жаңартудан өткізілді. Сонымен бірге бүгінгі заманның талап­тарына сай қызмет көрсететін жаңа техникалар алынды. “Астана халықаралық әуе­жайы” АҚ 2009 жылы 12 036 бағыттағы ұшақтарға, сол сияқты осы мерзімде 1 309,652 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Осы мерзімде жүк айналымы 5 011 тоннаны құрады. Болашақтағы межеміз бұдан артық болады деп күтілуде. Өйткені, елордамызда өткі­зілгелі отырған ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің саммиті мен 2011 жылы Қазақ­стан­да өтетін Қысқы Азия ойындарына келетін қонақтарға қызмет көрсетеміз. Бұл еліміз үшін аса маңызды халықаралық екі оқиға кезінде елімізге келетін жолау­шы­лардың саны еселенетіні хақ. ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшы­ла­рының саммиті күнде өтетін қатардағы жиындардың бірі емес, оған оның соңғы он жылда алғаш өткізілейін деп отыр­ғандығын айтсақ та жеткілікті. Сол үшін бұл шараға әуежайдың жоғары деңгей­дегі дайындығы қажет. Мұндай маңызды шара кезінде әуе кемелеріне қызмет көрсететін техникалық құрыл­ғылар да, қонақтарды қабыл­дайтын қызмет түрлері де жоғары талаптарға сай болуы керек деп ойлаймын. Осыған байланысты Астананың халық­аралық әуежайының инфра­құры­лы­мын одан әрі жетілдіру, әуежай кешенінің барлық кәсіп­орын­дарының өндірістік қуатын арт­тыруды көздеп отырмыз. Нақ­тылай айтсақ, 2000 шаршы метр аумағы бар жүк қабыл­даудың құ­рамалы моделі құрылысын салу­ды, әуе кемелері тұратын перрон алаңын одан әрі кеңейту, бортқа қызмет көр­сететін цех ғимаратын қайта құру жұмыстарын қолға алғалы отырмыз. Сонымен бірге жолау­шылар тасқыны артуына байла­нысты әуежай вокзалының көлемі де ұлғайтылатын болады. Қысқаша айтқанда, осындай кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы Астана халық-аралық әуежайын Еуропа мен Азияны жалғастыратын әуе трассасындағы барлық ұшақ­тарға сапалы қызмет көрсететін Ор­талық Азиядағы ең ірі әуе кө­лігі орталығына айнал­дырамыз. Бүгінгі таңда астаналық әуежай 9-дан аса ішкі және халықаралық жолаушылар тасымалымен айналы­сатын әуе компанияларына қызмет көр­се­теді. Қазір біз бас қаламызға Еуропа мен Азияның ірі авиаком­панияларын серік­тестікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы орайда өткен жылы әуежай­дағы сапар кестелерінде тағы да екі әуе ком­па­ниясы ұшақта­рының тұрақты бағыт­тарының тізімі берілді. “Этихад Эйруэйс” әуе компаниясы Абу-Даби қала­сына, “Аэросвит” компаниясы Киев қаласына тұрақты түрде ұшақ­тарын ұшыра бастады. Әуежа­йы­мыздың бәсекеге қабілет­ті­лігін арттыра отырып, алдағы уақытта біз әуе мар­шруттары бағытын да арттыра бермекпіз. Бұл ретте жолау­шылар тасымалын кеңейту мақсатында “CSA Czech Aіrlіnes” атты чех әуе ба­ғытымен, “LOT Polіsh Aіrlіnes” поляк әуеба­ғы­тымен, “Egypt Aіr” Египет әуе ба­ғытымен және “Aіr Chіna” Қытай әуе бағытымен жолаушылар тасы­мал­­дайтын әуе ком­пания­ларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыс жос­парының аясында Астана әуежайы халық­ара­лық бағыттарды дамыту фо­румдарына да белсене араласады. Астана әуежайы жағрафиялық жағынан Еуразияның дәл жү­регінде орналасқан. Яғни, бұл Еуропадан Азияға ұшатын ұшақтардың ең қолайлы қону бекеттерінің бірінен саналады. Осы мүмкіндіктердің арқасында Астана әуежайы әлемнің жүк тасымалымен айналысатын бірнеше ірі компанияларына тұрақты қызмет көрсетеді. Жүк та­сы­малымен айналысатын бұл компа­нияларға көрсетілген қыз­меттен түскен қаржы әуежай­дың мүмкіндігін арттыруға барынша жағдай жасап отыр. Астаналық әуежайдың қысқа мерзімде халықаралық барлық талаптарға сай ірі көлік орта­лығына айналуына біздің кадрлардың қосып отырған үлесі өлшеусіз. Шынында да, біздің авиакәсіп­орынның негізгі құн­дылығы – оның кадрлары. Біз қол­дан келгенше ұжымымыздың сапасы мен құрамын сақтап қалуға тырысып келеміз. Қаржы дағда­рысынан туындаған қиын­дықтарға қарамастан, өткен жылы өз қыз­меткерлерімізге азаматтық авиа­цияда қызмет істеген жылдары үшін өтемақы төлеуді жүзеге асырдық. Мәселен, авиа­кәсіп­орынында 5 жыл жұмыс істеген­дерге 10 пайыз, 10 жыл еңбек өті­лі барларға 20 пайыз, 20 жылдан артық еңбек өтілі барларға 30 пайыз қосымша жалақы төленді. Жолаушыларға келетін болсақ, оларға сапалы қызмет көрсету және барлық қолайлы жағдайлар туғызу – әуежай әкімшілігінің назарындағы басты міндет. Осы мақсатта құжаттық, кедендік, санитарлық-эпидем­ио­логиялық бақылау, сонымен бірге Сыртқы істер министрлігінің елшілік қызметі үшін арнайы жұмыс орындары ашылды. Жолау­шы­лар­дың дер кезінде ақпараттық анықтама алуға деген сұранысын қанағат­тандыру мақсатында өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап Call-center автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Биыл ақпан айынан бастап кез келген ұялы телефон иесі ин­тернет арқылы wap.aіr-raіl.іnfo мекен-жайына кіріп, ұшақтардың ұшу кестесін, сапар туралы ақпа­раттарды біле алатын болды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға да қолайлы жағдай туғызудамыз. Биылғы жылы әуежай қызметінің сапа­сын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Соның нәти­же­сінде қызмет көрсету дәре­жесінің өткен жылдармен салыстырғанда, са­палық жоғары деңгейге жеткендігі анық­талды. Бірақ бұл біз үшін жетілу шегі емес. Алдағы уақытта Астананың бейнелік айнасы болып танылатын халықаралық әуежайдың мерейі мен беделін көтеру мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасай береміз. Қайрат ЖАУХАНОВ, “Астана халықаралық әуежайы” АҚ президенті.