Аймақтар • 13 Маусым, 2023

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жасады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 14-16 маусым аралағында жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті  қала тұрғындары мен қонақтарына:

  • таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды;
  • тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды;
  • темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамауды;
  • күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.