Өткен жылы бас қаланы қосымша көлемде жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының құрылысы басталғаны хабарланған еді.
«Елорданы аралау барысында «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының құрылысымен таныстым. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тен асып түседі», деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, газ жылу станцияларын ағымдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар мердігерге ЖЭО-3 құрылысын биыл аяқтау міндеті жүктелді. Осы шаралардың бәрі жылумен жабдықтау көлемін едәуір ұлғайтуға, сол сияқты болашақта құрылыс жұмысы жүретін аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», деп қорытындылады Астана әкімі.