Аймақтар • 13 Маусым, 2023

Айнабұлақтағы ақ сарай

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сәл ертеректе кітапханаға кітап алу үшін ғана барар едік. Қа­зіргі таңда рухани ортаның жұмысы өзгерген, өркен­деген. Бі­лім де, ілім де, өнер де кітапханада. Жуықта Зай­сан ауданы, Ай­­набұлақ ауылында ақ сарайдай мәде­ниет үйі ел игілігіне бе­ріліп, ауылдық кітапхана да осы ғимаратқа көшірілді.

Айнабұлақтағы ақ сарай

Бұл ауылда бұрын-соңды мәдениет үйі болмаған. Осы уақытқа дейін кітапхана ша­ғын балабақша ғимаратында ор­наласқан еді. Аумағы өте тар болғандықтан, әртүрлі шара­лар өткізуге де қолайсыз-тұғын. Сондықтан да бұл күні ауыл тұрғындары үшін ақ түйе­нің қарны жарылғандай бол­ды. Салтанатты жиынға аудан басшылығы қатысып, ауыл тұр­ғындарын көптен күт­кен қуа­нышпен құттықтады. Ерек­ше үлгіде салынған мәде­ниет үйінің ашылуына келген қонақтар да өздерінің жылы ле­біздерін білдірді. Көп жыл ауылдық кітапханада қызмет атқарған ақ жаулықты әже Гүл­жамал Кі­жікова киелі ша­ңырақтан бере­ке-бірлік, ынты­мақ арылмасын деген ниетпен шашу шашты.

Кең әрі жарық ғимараттың екінші қабатында ашылған кітапхана жаңа үстелдермен, жұмсақ орындықтармен және кітап сөрелерімен қам­та­­масыз етілді. Қ­азіргі уа­қыт­­та кітапханада оқыр­ман саны 608-ге жеткен. 9 748 кі­тап қоры бар. Жаңа кітап­тар­мен жыл көлемінде үздік­сіз толықтырылып келеді. Со­нымен қатар кітапханада шахмат, дойбы үйірмесі жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай интернет желісімен, компьютермен, құжаттарды цифрлауға, қағазға басып шығаруға ар­налған көп­функциялы құ­рылғымен қам­тамасыз етіл­ген. Атаулы күн­дерге, айту­лы даталарға байланысты түр­лі кездесулер, сұх­баттар, оқырман конференция­лары, дөңгелек үстелдер өткі­зіліп тұрады. Атап айтсақ, «Дү­ниежүзілік кітап және автор­лық құқықты қорғау» күніне орай­ластырылған «Kітап шоу-2023» республикалық ак­циясы аясында Айнабұлақ ауылдық кітапханасында да кітап фестивалі өтті. Іс-шарада оқыр­мандарға «Қиялдар әлемі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге оқырмандар назарына әр елдің ертегі кітаптары, көркем суреттелген иллюстра­циялы кітаптар мен QR код арқылы ұялы телефоннан кө­руге арналған ертегілер жи­на­ғы қойылды. Сонымен қа­тар ертегі кейіпкерлерінің макеттер көрмесі ұсынылып, қиялдар әлеміне саяхат жасалды. Осы орайда «Менің сүйікті кейіп­керім» тақырыбында оқыр­мандармен пікірлесу, ой алмасу өтті.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы