Кәсіпкер • 13 Маусым, 2023

Кәсіпкерлермен кездесу

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде облыста 14 619 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Шағын және орта бизнестің өркендеуі – елдің экономикалық даму алғышарттарының бірі. Сондықтан да мемлекет кәсіпкерлікті қолдап, әр кез көмек көрсетуге әзір.

Кәсіпкерлермен кездесу

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңір кәсіп­керлерімен кездесті. Кездесуге Ұлытау өңірлік кәсіпкерлер па­латасының бастамасы мұрын­дық болды. Кездесудің алдында Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің бі­рінші ұйымдастыру отырысы өтіп, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Кеңес төра­ғасы болып сайланған еді. Ай­мақтағы алпауыт компания басшылығының шағын және орта бизнесті қолдауға бет­бұрыс жасауы жақсы нышан екені даусыз.

Кездесу барысында кәсіп­кер­лер өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде еркін әңгіме қозғады. Аймақ басшысы әрбір сұраққа нақ­ты жауап қайтарып, ұсыныс-пікір­лердің бәрі де ескерілетінін жет­кізді.

– Облыстың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға мүдделіміз және бизнес-қоғамдастықтың проблемалық мәселелерін тал­қылауға және шешімін табуға әрқашан дайынбыз, деді облыс басшысы.

Кездесу соңында облыс әкім­дігі, облыстық Кәсіпкерлер Палатасы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында Ұлытау облысын қолдау және дамыту Стратегиясы бойынша үшжақты Меморандум жасалды.

Мұндай кездесулер әрбір алты айда бір мәрте өткізілетін болды. Облыс әкімінің орынбасарлары өз салалары бойынша әр тоқсан сайын жағдайды саралап, тиянақтап отырады.

 

Ұлытау облысы