Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, өрт басталған кезде Ильин Солтүстік Қазақстан облысында болған.
«Бұл шындыққа сәйкес келмейді, себебі 8-9 маусымда ол жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған. Жұмыс сапарының бірінші күні Ильин облыс орталығы маңында салынып жатқан ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару бөлімшелерінің кешенін және Петропавлдағы Береке шағын ауданындағы өрт сөндіру кешенінің құрылыс алаңында болды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мәлім болғандай, екінші күні бұрынғы министр облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.
«Кездесу барысында министр БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Онда ведомство жұмысы, азаматтық қорғау жүйесінің даму перспективалары қаралды. Сонымен қатар ол азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берген.
Бұл кездесу Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізіліп, бекітілген кесте бойынша алдын ала хабарланған. Айта кету керек, жиынға Петропавл қаласынан ғана емес, жақын маңдағы аудандардан да 200-ге жуық адам қатысып, кездесу туралы алдын ала хабардар болған. Бұл ретте жиынға облыстың ауданы онлайн-трансляция арқылы қосылып, оған да 150-ге жуық адам қатысты. Сонымен қатар жеке құраммен де кездесу өткізілді, оған азаматтық қорғау органдарының 180 қызметкері қатысты», деп түсіндірді министрлік.
ТЖМ өкілдері Ильиннің Абай облысындағы өртке байланысты СҚО-ға жұмыс сапарын тоқтатқанын да атап өтті.
Бұған дейін өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Экология министрі Зүлфия Сүлейменова, сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алатыны белгілі болған еді.