Теннис • 15 Маусым, 2023

Бейбіт – бабында

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің үшінші, әлемнің 256-ракеткашысы Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар (Пуэрто-Рико) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Бейбіт – бабында

Жерлесіміз жарыстың екінші айналымында әлемнің 340-ракеткашысы амери­калық Эван Чжумен шеберлік байқасып, қарсы­ласын үш сетке жалғасқан матчта жарыс жолынан ығыстырды. Бірінші партия­да америкалық теннисші бір брейк жасап, есепте алға шығып алды – 6:4. Бірақ екінші сетте Жұқаев еңсе тіктеп, таразы басын теңестірді – 7:5. Ал шешуші, үшінші сетте отандасымыз екі брейк жасап, 6:2 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады.

Бейбіт Жұқаев турнирдің жартылай финалына шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 617-сатыда тұрған канадалық Лиам Драксльмен кездеседі.