Қоғам • 15 Маусым, 2023

Үміт отын жаққан ұя

193 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде жазған бір пікірінде «Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек» деген болатын. Шынында да, денсаулық сақтау саласы үздіксіз дамуды қажет ететіндігі сөзсіз.

Үміт отын жаққан ұя

Біздің көпбейінді облыстық аурухана рес­публикалық және жергілікті бюджет есебінен жыл сайын жоғары технологиялық жаб­дық­тармен қамтамасыз еті­ліп, ма­териалдық-техни­калық базамыз үнемі жаңартылып келе­ді. Былтыр мобильді цифрлық рент­ген жүйесін, үш жұмыс ор­нына арналған рентгендік диаг­ностикалық аппарат, УДЗ, 3D оптикалық когерентті томогра­фын, видеодуоденоскоп, 6 анес­те­зиологиялық жұмыс станса­сын сатып алдық. Жалпы, мате­риалдық-техникалық қамтама­сыз ету мен жаб­дықтауға 600 миллион теңгеден аса қара­жат бөлінді. Биыл жергілікті бюд­жеттен осы мақсатта 300 мил­лион теңге қарастырылып отыр. Оған урологияға арналған бейне­эндоскопиялық кешен, коагу­ляцияға арналған жоғары жиі­лікті электрокоагулятор, элек­тро­хирургиялық аппарат, ультра­дыбыстық диагностика­лық меди­циналық портативті жүйе, дефибриллятор-монитор, есту жүйесін тексеруге арналған объек­тивті аудиологиялық мо­дульдік құрылғы тәрізді бірқа­тар құрал-жабдықты алуды жос­парлап отырмыз. Осының бар­лығы мемлекет тарапынан көр­сетіліп отырған жанды қамқор­лық әрі адамдардың денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алуға бағытталып отырған игі қадам деп айтуға әбден болады.

Көпсалалы облыстық аурухана солтүстік өңірдегі практи­касы мен ғылымы, білімі сапалы интеграцияланған же­тек­ші медицина­лық ұйым еке­нін жоғарыда атап өттім. Біз­дің ­басты міндетіміз – облыс хал­қына заманауи жабдықтар мен инновациялық технологиялар­ға негізделген қолжетімді меди­ци­налық көмек көрсетуді сапалы ұйымдастыру. Ауруханада жоғары технологиялық меди­ци­налық қызметтер кардио­хи­рургия, нейрохирургия, рентген-эндо­васкулярлық хирургия, ангиохирургия, онколо­гиялық бейін, ортопедия бағыттарында жүзеге асырылады. Былтыр 12 айда ауруханада 28 мың­нан аса науқас стационарлық ем қа­был­даса, 95 мыңға жуық адам­ға амбулаториялық қызмет көр­се­тілді, 12 мыңнан аса адамға операция жасалды.

Жыл озған сайын медицина саласына жаңа технологиялар енгізіліп, дамып келеді. Осы ретте, ше­берлік сыныптары, оқыту және түрлі семинарлар жиі өт­кі­зіліп тұрады. Былтыр ауруха­нада еліміздің және таяу шетел­дердің жетекші мамандары­ның қатысуымен 5 шеберлік сыны­бы ұйымдастырылды. Атап айтқан­да, қуық асты безінің қатерлі ісігі кезіндегі радикалды простатэктомиясына, өкпе артерия­сы тармақтарының өнуімен өкпе­нің орталық қатерлі ісігі кезін­де­гі бронхоангиопластикалық лобэк­томиясына, варикозды емдеу ке­зінде эндовазальды лазерлік коагуляциясына, семіздік және метаболикалық синдромына бариатриялық операциялар, жү­ректің қолқа бөліміне кардиовертер-дефибриллятор, стент-графт орнатуға қатысты операциялар жасалды. 2022 жылы ауруларды диагностикалау мен емдеудің 30 жаңа әдісі енгізілді.

Көпсалалы аурухананың құ­ра­мына пе­ри­наталдық орта­лық та кіреді, ол – облыста 3 деңгей­лі мамандандырылған аку­шерлік, гине­ко­­логиялық, неона­тологиялық көмек көр­се­те­тін, әйелдерді босандыратын жал­ғыз ем­деу-про­филактикалық ме­кемесі. Жыл сайын ор­талықта 4,5 мыңға жуық әйел дү­ниеге сәби әкеледі. Сондай-ақ онда өңірдің медицина­лық ұйымдарынан жолдамамен жі­берілген жүкті әйелдер ем алады, жаңа туған сәбилерге, оның ішінде дене салмағы төмен немесе өте төмен шараналарға кү­тім көрсетіледі. Орталықта за­­­­манауи жабдықтарды пайдалана отырып, ла­паро­скопия­лық, гистероскопиялық, сондай-ақ, орган­дарды сақтап қалатын операциялар жүзеге асырылады. Оның консультациялық-емхана­лық блогында дәрігерлер УДЗ жүргізіп, акушер-гинекологтер, генетиктер консультациялар өткізе­ді, сондай-ақ гематологиялық, цито­генетика­лық, иммунологиялық зертханалық тексерулер және ме­дициналық-генетикалық скринингтер жүргізіледі.

Аурухананың құрылымдық бөлімшесі саналатын онкологиялық орталық қа­тер­лі ауруларды ерте анық­тау­­ға скринингтік зерттеу­лер жүр­гізу, алдын алу, облыс­та­ғы ме­дициналық ұйым­дарға он­ко­ло­гиялық көмек мәселелері бо­йынша ұйымдастыру-әдіс­те­мелік жұмыстарды жүзеге асыру, облыс тұрғындарына консуль­тациялық-диагностикалық кө­мек көрсетіп, онкологиялық нау­қастарды емдеу бағытында қызмет етеді. Жыл сайын 100 мың­нан аса адам сүт безі, жатыр мойны, тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісіктерін ерте анықтау­ға бағытталған скринингтік зерт­теуден өтеді. Одан бө­лек, 25 мыңнан аса науқас қа­был­данып, оларға консультация бе­ріледі. Осы ретте, айта кетсек, 2021 жылдан бері салыстырмалы тұрғыдан қарасақ, қатерлі ісікке шалдығушылар саны 2,3 мыңға дейін көбейген. Тері-венерологиялық көмек көрсету қызметі өз стационары бар 150 келушіге арналған емханада ұсынылады. Былтыр 12 айда онда 20 мыңнан аса келушіге қызмет көрсетілді, оның 10 мыңнан астамы жастар мен оқушылар.

Бір атап өтерлігі, ауру­ха­на бөлімшелерінің меңгеру­ші­лері, онкологиялық, дер­ма-вене­рологиялық және перинатал­дық орталықтың мамандары Ақмола облысының штаттан тыс бас мамандары болып сана­лады. Олар облыс ауданда­ры­на ұйымдастырушылық-әдіс­темелік көмек көрсетеді. Сани­та­рлық авиация желісі бо­йынша аудандарға жоспарлы шығу­лар жүзеге асырылады. Мәселен, былтыр анестезиолог, хирург, нейро­хирург, неонатолог, кардиохирург, невропатолог, акушер-гинеколог секілді дәрі­герлер бас-аяғы 260 рет облыс аудандары­на шығып, көмек қолын созған. Дәрігерлер былтыр телемедицина бойынша 1624 онлайн консультация өткізген, оның 126-сы бейнеконсультация.

Өткен жылы аурухана Ұлт­тық аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті сыртқы кешенді бағалауға дайындық бойынша үлкен жұмыс жүргізіп, тексеріс қорытындысы және аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша көпсалалы облыстық ауруханаға 1-санат беріліп, 3 жыл мерзімге аккредиттелді.

Көпсалалы облыстық аурухана Ш.Уәлиха­нов атындағы Көк­шетау университеті жанын­да­ғы жоғары медицина мектебінің, сондай-ақ, Көкшетау жоға­ры медициналық колледжі­­нің кли­никалық базасы болып табылады. Жыл са­йын мыңнан аса студент, интерн мен резидент ­ауруханада тәжірибе мен оқытудан өтеді.

Әрине, бізде шешімін күт­кен көптеген өзек­ті мәселе де жоқ емес. Ол – аурухананың ма­териалдық-техникалық базасын одан әрі жақ­сар­ту, жаңа озық технологияларды енгізу, ең өзек­ті саналатын кадр мәселесін шешу. Мәселен, ауруханаға акушер-гинеколог, анестезиолог-­реаниматолог, терапевт, аллерголог, химиотерапевт, хирург тәрізді ­11 дәрігер жетіспейді. Сондай-­ақ алдымызға аурухананың одан әрі дамуы үшін 2021-2025 жыл­­дар­ға арналған «Дені сау ұлт» әрбір ­азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жоба­сын іске асыру міндеті, денсаулық сақтау бас­қармасымен келісілген ме­морандум индика­торларын орындау міндеттері тұр.

Көкшетау қаласы бүгінде қар­қынды өсіп келе жатқаны көз қуантады. Соның ішінде Сарыарқа шағын ауданында биыл 630 төсектік орынға арнал­ған көпсалалы аурухананың құры­лысы жоспарға енгізілді. Бұл аурухана облысымыздың жә­не көрші өңірдің жақын маң­­дағы аудандарының бар­лық тұрғындарына жо­ға­ры технологиялық, маман­дан­ды­рылған қолжетімді меди­ци­на­лық көмекті қамтамасыз ететін болады. Аумағында аурухананың тиімді жұмыс істеуі үшін негізгі кешенді ғимаратынан басқа, бар­лық нысан жобаланған. Атап айтқанда, 208 орындық жабық автотұрақ, тікұшақ алаңы, қазандық, гараж, патология­лық-анатомиялық бөлімше (мә­йітхана), қойма, жедел жәрдем вагондарын дезинфекциялау пункті болады.

Нысанды салудағы басты мақ­сат – елдің солтүстік өңірінде ғылым мен білім беру тәжі­рибе­сін сапалы интеграциялай отырып, озық технологияларды пайдалану арқылы зертха­налық-диагностикалық зерттеулерден бастап, ста­ционарлық емдеуге дейін ұсынылатын қыз­меттердің кең спектрі бар, халықаралық дең­гейдегі аурухана құру. Әрине, жаңа аурухана болғандықтан, заманауи құрал-жабдықтар арқылы материал­дық база толықтырылады, соған сәйкес кадрлық әлеуетіміз де ны­ғаяды деп жос­парлап отырмыз.

 

Нұрлан ЖАРОВ,

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты