Ауа райы • 16 Маусым, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 16 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Жоғары қысымның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында қатты ыстық сақталады.

Жетісу, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50