Медицина • 18 Маусым, 2023

Бүгін – медицина қызметкерлері күні

3641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді, деп жазады Egemen.kz

Бүгін – медицина қызметкерлері күні

Бұл мереке 1998 жылдан бері Президент бекіткен жарлық бойынша жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Осыған орай бүгін Мемлекет басшысы еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», делінген Президенттің құттықтау хабарламасында. 

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің медицина қызметкерлерін құттықтады.

Айта кетейік, биыл Абай облысындағы өрт оқиғасына байланысты бұл мерекені атап өту кейінге шегерілді. Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімдегендей, «DENI SAU ULT» саммитін өткізу және жыл сайынғы «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық жүлдесін табыстау кейінге қалады.