Пікір • 18 Маусым, 2023

Еңбек әрдайым әділ бағалануға тиіс

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы Ұлттық құрылтайда қозғалған тақырып әлемдік үдерістер туындатқан мәселелерге нақты жауаптар болды. Адам даму сатысында қол еңбегі кезеңінен өтті. Одан білімге көшті. Ал енді қазір жүрек құндылықтары алға шығып отыр.

Еңбек әрдайым  әділ бағалануға тиіс

Адам ресурстарының сапасын денсаулық, білім, білік анықтайды. Ол адами капи­талға, ұлттық құндылыққа айналуы үшін ұлт болып ұйысу ма­ңызды. Оның ішінде мен еңбек адамын құрметтеу мәселесі қоз­ғалғанына ерекше қуанып отырмын. Былтыр Ұлытаудағы құрыл­тайда еңбек туралы арнайы мәселе көтеріп едім. Менің ойымша, Еңбек күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы қажет. Еңбек Ері деген атақ та сол ең­бек күні берілсе деймін. Озат еңбеккердің тәжірибесі, өмір жолы, жеткен жетістігі сол қуа­нышты күнде насихатталса, жастармен түрлі кездесу ұйым­дастырылып, әртүрлі хабарлар таратылса, балалардың бойында еңбекпен биік белеске, құрметке жетуге болады деген ұғым қалыптасар еді. Сондықтан еңбек әрдайым дұрыс бағалануға тиіс. Ішкі жалпы өнім мен жалақы өссе, екіншіден еңбек адамын қорғайтын кәсіподақтар рөлі өссе игі. Елдің әлеуметтік дамуында еңбек адамы, жұмыс беруші және мем­лекет дейтін үш тағанның тепе-тең­дігін қамтамасыз етуіміз керек.

 

Әлихан БАЙМЕНОВ,

«Астана мемлекеттік қызмет хабының» төрағасы