04 Маусым, 2010

МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ

927 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Алмас ҚҰРМАНОВ, “МӘСҚ” АҚ президенті. 1997 жылғы “Барлық қазақ­стан­дықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында Қазақ­стан Республикасының Прези­ден­ті Н.Ә.Назарбаев еліміздің басты мақсаттары мен басымдықтарын ай­қындап берген болатын. Жолдау ая­сындағы ұзақ мерзімді басым­дық­­тардың бірі Қазақстан аза­маттарының ден­саулығы, білімі және әл-ауқаты болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыруды рефор­малау, өнімді жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға көмектесу Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы аясындағы мем­лекеттің әлеуметтік-эко­но­микалық маңызды бағыт­тарының бірі. Елдің дамуының әр кезе­ңін­дегі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкін­дік­те­рі­мен анықталады. Инфляцияның жо­ғары деңгейімен, өн­дірістің құлдырауымен және жұ­мыс­сыздықтың артуымен сипат­талған экономикалық қиын­дық­тар мен дағ­дарыстың алғашқы жылдарында әлеу­меттік саланы дамыту мүмкіндіктері едәуір шектелді. Осы жылдары мем­лекет азаматтардың тұрмыс деңгейінің төмендеу салдарларын және халықтың ең аз қамтылған топтарын қорғауға бағытталған шаралар қабылдады. Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу әлеуметтік саясатты белсенді жүр­гізудің алғышарттарын жасады. Әлеу­меттік қорғау жүйесін жаңа жағ­дайда реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңдарды жасап жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуға белсенді түр­де көмектесуге, жинақтаушы зей­нетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап барлық бағыт­тар­дағы құқықтық базаны, эко­но­миканы, социумды қалыптас­ты­руда күрделі жолдан өтті. Республикамыздың бүгінгі қол жеткен табыстары қазақстандық қоғамның өмір сүру көрсеткіш­тері болып табылады. Осы жылдарда жүргізілген рефор­малар өтпелі кезеңнің жағымсыз салдарларын жеңуге мүмкіндік берді және негізгі мақсаты халықтың материалдық әл-ауқа­тын арттыру болып табылатын кең көлемді әлеуметтік рефор­малар жүргізуге жағдай жасады. Біздің еліміздегі әлеуметтік қам­­сыз­дандыру жүйесін жетіл­діру 2001 жылғы “Қазақстан Респуб­ликасында халықты әлеуметтік қорғау тұжырым­да­масында” бекітілді. Осы құжат аясында 2005 жылдан бастап әлеуметтік қатер туған жағдайда олардың төлеген әлеуметтік аударымдарының мөлшері мен ұзақтығына байланысты жұмыс істейтін азаматтарды қосымша қорғауды қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Әлеуметтік қамсыздан­ды­рудың жаңа стандарт­тарына көшу жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен ак­цио­нерлік қоғам нысанында Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорының құрылуына се­бепші болды. Соған бай­ла­нысты міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру Қазақстандағы халықты әлеу­меттік қорғаудың көп дең­гейлі жүйесінің бір сатысы болды. Негізге алынатын және ажыратуға болмайтын құқық­тардың бірі ретінде азаматтарды әлеуметтік қорғау құқығын Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылғы Адам құқығы туралы қарары және 1966 жылғы Эко­номикалық, әлеуметтік және мәдениет туралы халықаралық пакті бекітті. Жұмыс істейтін халық үшін әлеуметтік қорғалу құқығын жүзеге асыратын негізгі институт жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты аса мәнді, маңызды және ауқымды әлеуметтік қатер­лерден әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Осы саладағы саясатты қалыптастыру, оның ішінде, қабылданатын шешім­дердің сәйкестігіне талдау жасау және оларды жүзеге асырудағы маңызды прин­циптердің салдарларына, әлеу­меттік сақтандырудың халықаралық нормалары мен стандарттарына негізделуі қажет. Даму деңгейлері бірдей мем­лекет­тердегі тарихи, мәдени, саяси және басқа да факторлардың әсерінен әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыруда және мемлекеттік институттардың түрлі дәрежеде қатысуында әртүрлі дәрежедегі ынтымақтастық орын алады. МӘСҚ әлеуметтік аударым­дар­ды шоғырландырады және әлеу­меттік қатер туған жағдайға қатысты міндетті әлеу­меттік сақ­тандыру жүйесінің қаты­су­шысына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді. Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Респуб­ли­ка­сында міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесін енгізу, қор­да жинақталған әлеуметтік ау­дарым­дардың сақталуын және мақсат­ты пайдаланылуын қамтамасыз ету. Қазақстандағы міндетті әлеу­меттік сақтандыру алғашқы кезеңде әлеуметтік тәуекелдердің үш түрін қамтыды, олар: еңбек ету қабі­ле­ті­нен айырылу, асы­раушы­сынан айы­рылу және жұмысынан айы­рылу. Ана мен баланы әлеу­мет­тік қолдау мақсатында 2007 жылғы Мемлекет басшысының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауы ая­сында 2008 жылдың 1 қаңта­рынан бастап жүктілігі, босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілді. Жоғарыда айтылған әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда әлеу­меттік төлемдер алуға олар үшін төлеушілер (жұмыс берушілер немесе өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ған тұлғалар) әлеуметтік аударымдар жүргізген, жұмыс істейтін азаматтар құқылы. 2008 жылғы оқиға әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс жағ­дайындағы мемлекеттік шығын­дар­ды қысқарту үшін бұрын қабыл­данған барлық бағдар­ламаларды қайта қарауға алғышарттар тудыр­ды. Алайда біз Мемлекет басшы­сының “Әлеуметтік бағдарлама­лардан басқалардың бәрінен де үнемдеуге болады” деген сөзін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан дағдарыс жағдайында қордың қызметі одан әрі жетілдіріле түсті. “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Президенттің кезекті Жолдауы аясында дағдарыс кезінде жұмысынан айырылған халықты қолдау мақсатында МӘСҚ-дан жұмысынан айырылуы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің ұзақтығы арттырылды. Қазақстандағы міндетті әлеу­мет­тік сақтандырудың сандық көр­сеткіштеріне жүргізілген талдау міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының да, қордан әлеуметтік төлемдер алушылар санының да өсу қар­қынының артқанын көрсетеді. Нарықтық эко­но­мика жағда­йын­дағы әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі ме­м­лекеттік базалық әлеуметтік қам­сыз­дан­ды­рудың, әлеу­меттік сақтандыру мен әлеуметтік кө­мектің бір-бірімен қиыс­тырылуы болып табылады. Мысалы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік қатер туған жағдайда, мемлекеттік бюд­жет есебінен мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мем­­лекеттік әлеуметтік жәрдем­ақыға (МӘЖ) қосымша еңбек ету қабілетінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бо­йын­ша қор қаржысы есебінен ай са­йын­ғы әлеуметтік төлемдер (ӘТ) алады. Сонымен бірге, қордан еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша ӘТ алушылар санының өсу қар­қыны, осы әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімді және еңбек ету қабі­ле­­тінен айырылған кезеңге таға­йын­далатындықтан МӘЖ алу­шы­лар­­мен салыстырғанда жылдам артып келеді. Мұндай жағдай асыраушы­сы­нан айырылуы бойынша әлеуметтік тө­лемдер төленген жағдайда да қа­лыптасып отыр, өйткені мұндай әлеу­меттік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың асырауында болған адамдарға олар кәмелет жасқа жеткенге дейін немесе ол оқытудың күндізгі нысанында оқыған жағдайда, жиырма үш жасқа толғанға дейін төленеді. МӘЖ мен қордан төленетін ӘТ орташа мөлшерінің динамикасынан төменгі күнкөріс деңгейі мен төменгі еңбекақы мөлшерінің өсуіне байланысты МӘЖ-дің орташа мөлшерінің өскенін байқауға болады. Макро­эко­но­ми­калық көрсеткіш­тердің өзгеруін ескере отырып 2010 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуы бойынша МӘСҚ-да ұзақ мерзімді әлеуметтік төлем алушы­ларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 9 % арттырылғанын айтқан жөн. Ананы қолдауға қатысты айтар болсақ, Қаржы министрлігі Салық ко­ми­тетінің ақпа­ратына сәйкес респуб­лика бойынша жүк­тілігі және босануы бойынша жәрдемақылар со­масы 2007 жылы 7,4 млрд. теңгені құраған. 2008-2009жж. үшін жүк­тілігі, босануы және жаңа туған баланы (ба­лаларды) асырап алуына бай­ланысты табысынан айырылу жағ­дайына қордан жал­пы сомасы 36,4 млрд. тең­­геге әлеу­меттік тө­лем­дер жүрг­із­іл­ді. Ана мен бала халықтың экономика, білім, мәдениет, өмір сүру сапасын дәл көрсететін индикаторлар болып табылады. Сондықтан жүктілігі, босануы және ана міндетін әлеуметтік сақтан­дыруға енгізу ана мен баланың лайықты өмір сүруін көрсететін қоғам құруға көмектеседі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру нақты адам үшін де, тұтастай экономика, қоғам үшін де өзінің басты рөлін дәлелдеді. Қазіргі уақыттағы қордың мақсатты көзқарасы жүйенің тұрақтылығы мен әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі базалық прин­циптерін ескере отырып, сәйке­сінше қолданылатын тиімді ресурстарға қол жеткізу. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің стратегиялық мақсаттары өзгеретін міндеттерді шешуде және ашықтықты сақтауда халықтың қана­ғаттандырылуын және актив­тердің тұрақтылығын қам­тамасыз ету мақса­тында қордың активтерін то­лыққанды басқару болып табылады. Әлеуметтік сақтандыру жүйелері экономикалық қолайлылықты, жеке әділеттілікті және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз етуге құрылуы қажет. Экономикалық тиімділік әртүрлі сақтандырушы топтар арасындағы, сақтандыру жарналарын төлеушілер мен алу­шылар және жәрдемақылар ара­сындағы міндеттерді ұтымды және әділ бөлуді қарастырады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері қандай да бір дәрежеде экономикалық даму деңгейімен айқындалады, ал тұлғалар арасындағы ынтымақ­тастық мемлекеттік инс­ти­туттардың қатысуы және ынталандыру дәрежесі таңдалып алынған әлеу­меттік-экономикалық моделмен өз- ара байланыста болады. Әлемдік экономикалық-қар­жылық дағдарыс кезіндегі Ха­лықаралық әлеуметтік қамсыз­дандыру ассоциа­циясының жүр­гізген талдауларына сәйкес әлеу­меттік қамсыздандыру жүйе­лері нақты адам үшін де, қоғам және тұтастай экономика үшін де өзінің басты рөлін растады және мемлекеттердің жалпы дағдарысқа қарсы жұмыстарының маңызды бөлігі болды.