Қоғам • 20 Маусым, 2023

«Малшылар күні» мерекесі: Жыл қорытындысы айтылды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Ұлттық агроқозғалыстың ұйымдастыруымен «Малшылар күні» мерекесіне орай «Жыл қорытындысы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Жомарт Оспан «Малшы мерейі – ауыл абыройы» атты ақпараттық материалында жазған. 

 

 

«Малшылар күні» мерекесі: Жыл қорытындысы айтылды

«Мал­шылар күні» мере­ке­сі­нің бас­ты мақсаты – мал шаруа­шы­лығы саласындағы азамат­тардың мәр­те­­бесін көтеру, олар­ды еңбектегі жетіс­т­іктері үшін көтер­мелеу, ауыл шаруа­шылығын дамыту», деді мереке идея­­сының авторы және ұйым­дасты­рушысы, Ұлттық агро­қоз­ғалыс төр­ағасы Алмас­бек Садырбай.

Соңғы уақытта елімізде мал шаруа­шы­лығы қарқынды дамып келеді. Мал басы жылдан жылға көбейіп жатыр.

Мақала авторының жазуынша, 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны – 4,2%-ға, қой – 4,8%-ға, жылқы – 10,5%-ға, түйе – 6,5%-ға, құс саны 4%-ға артты. Қазіргі таңда республиканың АӨК жалпы өнімінің шамамен 40%-ы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар мал басын және мал шаруа­шылығы өнімдерін ұлғайту үшін биыл 108 млрд теңге бөлініп отыр.

Мереке аясында бірқатар шаруа қожалығының жетек­шілері Ауыл шаруашылығы министр­лігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруа­шылығының үздігі» төсбел­гілерімен марапатталды.

Айта кеткен жөн, мал шаруашылығын дамыту – ұлтымыздың алтын тамыры саналатын алыс ауылдарды дамыту, атамекен – дарқан даланы түлету.