Мәдениет • 21 Маусым, 2023

Польшада «Димаш» радиостанциясы жұмыс істейді

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада танымал әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне радиостанция жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Польшада «Димаш» радиостанциясы жұмыс істейді

Радио толқынында тыңдарман Димаштың ғана емес, басқа да қазақ өнерпаздарының әндерін тыңдай алады. Сонымен қатар эфирде еліміздің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы да айтылады. 

«Димаш» радиостанциясын құру идеясы Польшадағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубына тиесілі. Бастапқыда әншінің поляк жанкүйерлері БАҚ саласында тәжірибесі болмағанын және олар жүре үйренгенін айтты. Бірақ қазір станция аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бүкіл әлемге хабар таратады екен.

«Мен Димаштың шығармашылығымен Singer шоуының арқасында таныстым. SOS әні - керемет дүние! Бірден қызығушылық танытып, «Келесі концерт қай жерде болса да, міндетті түрде Димашты тікелей эфирде тыңдауым керек», деп шешім қабылдадым. Бір айдан кейін ол Лондонда өнер көрсетті. Мен бардым. Кейіннен радиостанция құру идеясы келді. Біздің демеушіміз жоқ, фан-клубымыз көмектеседі. Редакторлар, жүргізушілер, мен - бәріміз тегін жұмыс істейміз», деді «Димаш» радиосының негізін қалаушы Збигнев Кужинский.

Сондай-ақ радиостанция толқынында Қазақстанның барлық айтулы оқиғалары мен мерекелері  тойланады. Ал тамыз айында Абайға арналған тақырыптық хабарлар болады. Димаштың әндерін, жалпы қазақ халқының мәдениетін түсіну үшін радиодан қазақша сабақтар да ашылған.