«Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады», деді Иманбек.
Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм түсіреді. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туындаған: дыбыс толқындары - атомдардың реттелген тербелісі. Көрермен диджеймен бірге жағымды дыбысты табу жолында жүріп, музыкант жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізе алады.
«Кез келген жеткілікті дамыған технология сиқырдан ажыратылмайды. Біз бұл сиқырды фильмде зерттеуге тырысамыз. Дыбыстың негізі атом болатын дыбыстардан трек жасаса қалай болатынын елестетіп көріңіз», дейді Грэмми иегері.