Елорда • 21 Маусым, 2023

Астанадағы өрт: 34 адам өрт сөндіруді жалғастырып жатыр

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөп өртін сөндіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы өрт: 34 адам өрт сөндіруді жалғастырып жатыр

«Төтенше жағдайлар департаменті «Астана Орманы» бөлімшелерінің күшімен жекелеген өрт орындарын жырту және үнемі қарауылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет көлемі 447 тонна су төкті. 20 маусым күні сағат 20.16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне қайтарылды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов көрші өңірлерден келген өрт сөндірушілерге жедел ден қойғаны және елордалық өрт сөндірушілерге құрғақ шөптердің өртенуін сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмысын жалғастырып жатыр.

Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп, өрт сөндірушілерге тамақ ұйымдастырды.