Осыған байланысты 2023 жылдың 21-22 маусым күндері Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ 22 маусым күні сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп хабарлады әкімдік өкілдері.