Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан автобус бейнеленген видео тарады.
«Бәрі аман. Жолаушылар шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер тез жетті», деді куәгерлер.
Семейдегі Шұғаев көшесінде автобус өртенгені туралы хабарлама «101» пультіне сағат 8:50-де түсті.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 2013 жылғы «ПАЗ» қоғамдық көлігінің қозғалтқыш бөліктері, аспаптық панель, салондағы орындықтардың жанып кеткенін анықтады. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Жалын мүмкіндігінше тез сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары қондырғыға абайсыз қарау», деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін қоса айтты.