Қоғам • 22 Маусым, 2023

Алматы тұрғыны полиция көлігінде өзіне қол салды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда танысының көлігін ұрлаған күдікті ұсталды. Алайда ұсталған ер адам жедел уәкілдердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды, деп хабарлайды Egemen.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны полиция көлігінде өзіне қол салды

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.