Білім • 23 Маусым, 2023

ҰБТ: Төрт апта түйінделді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы – қазақ тілінде, 26 пайызы – орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ: Төрт апта түйінделді

ҰБТ басталғалы шекті балды 77 пайыздан астам талапкер жинаған. Орташа ұпай 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны ел бойынша үш талапкер жинаған.

«ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тес­тілеудің екінші мүмкіндігін тап­сырып жатыр. Осы аптада біз Ielts және Toefl ха­лық­­аралық сертификаттарын «Ағыл­шын тілі» бойынша ҰБТ ба­лына ауыстыру шкаласын жа­рия­ладық. Сондай-ақ SAT, ACT, IB, A-Level стандартталған тест балдары бекітілді. Бұл сертификат нәтижелерді ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың нәтижесінде ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 229 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталмаған.

Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтіз­белік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбала­рына талдау жүргізіледі. Тыйым са­лынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фак­тілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.