Тарих • 25 Маусым, 2023

ҚазМУ. Дайындық бөлімі

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз 1974 жылы С.М.Киров есімін иеленген Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университет) дайындық бөлімінің тыңдаушысы атандық. Әрине, бостан-бос қа­былдана алмайсың. Арнайы ко­миссияның әңгімелесу түріндегі қатаң сүзгісінен өтесің. Комиссия құрамындағылар түрлі сұрақ қойып, біліміңді, ой-өрісіңнің деңгейін байқайды, содан соң ғана тиісті шешім қабылдайды.

ҚазМУ. Дайындық бөлімі

Сабақ желтоқсан айының басында басталып, журна­листика мен филология фа­культетіне түскісі келгендер бірге оқыдық. Оқитын жеріміз – 28 Панфиловшылар саябағы маңындағы заң факультетінің ғимараты. Сонымен 8-9 ай тыңдаушылар санатынан табылып, 1975 жылдың жайдары жазында әйгілі университет табалдырығын студент ретінде абыроймен аттадық. Кейде өзімізше «Біз КазГУ-де бес жыл емес, алты жыл оқы­ғанбыз» деп қалжыңға салып «кеудемізді қатты соғып» жел­пініп сөйлейтініміз де бар...

Дайындық бөлімінің деканы тілші ғалым, марқұм Талғат Сайрамбаев еді. Ол кісі әзілдескенді жақсы көретін.Әр­дайым әлдебір қызықты жай­ды әсерлі әңгімелеп, өзі де қарқ-қарқ күлетін, сөйтіп, бәрімізді де мәз-мейрам ететін.

Сол тұста «Казгуград» қ­а­­ла­­шығы­ның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан-ды. Сол жетпіс төрттің жел­тоқсан айының аяғында ондағы алғашқы студенттер жатақханасы пай­далануға беріліп, Алма­тының әр түк­­­пірін паналап жүрген д­а­йын­дық бөлімінің тың­дау­шылары соған «көші­рілді». «Қалашықтағы бірін­ші біт­­кен жатақханаға біз ба­рып орна­лас­қанбыз», деп те мақ­танып қоямыз курс­тас­тар бас қосқанда.

Дайындық бөлімінде бізге атақ­ты профессор, ғы­лым докторы Қа­йыржан Бек­хожин, белгілі тіл­ші-ғалым Мыр­затай Сер­ғалиев, ежелгі әдебиет профессоры Алма Қы­рау­баева сынды мықтылар сабақ беріп, дәріс оқыды.

Мына 1975 жылы түсі­рілген суретте журналистика және филология факуль­тетіне түсуге талапкер бір топ тыңдаушы бейнеленген. Арамызда екі-үш заң фа­культетінен келгендер де бар. Ортада отырғандар Алма Қы­­­раубаева (оңнан солға қа­рай), Қайыр­жан Бекхожин және жур­фактың оқы­тушысы Қоянбек Ахметов.

Суреттегілердің ішінде кейіннен белгілі қазақ ақыны атанған марқұм досымыз – Аман­хан Әлім, сондай-ақ   «Еге­­мен Қазақстанда» еңбек еткен үш бір­­дей курстасымыз – Сая­сат Бейісбай, Өмір Есқали, Са­тыбалды Сәуірбай да тұр.

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

Қазақстанның Құрметті журналисі,

Қарасай ауданының Құрметті азаматы

 

Алматы облысы