Қоғам • 26 Маусым, 2023

Алашты зерттеген дәрігер мұрағаты

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуықта Ұлттық архив мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық онкология саласының білгір маманы профессор Әлихан Досахановтың жеке қорын мұрағатқа табыстау рәсімі өтті. Атап айтар болсақ, архивке ұлтжанды дәрігердің алған сыйлықтары, қолжазбалары, ғылыми еңбектері, фотодеректері табысталды.

Алашты зерттеген дәрігер мұрағаты

Аталған іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі, Ар­хив, құжаттама және кітап ісі коми­тетінің төрағасы Қуат Бораш, химия ғылымдарының докторы, академик Арыстан Ғазалиев, алаштанушы ғалым Сұлтан хан Жүсіп, алашордалық дәрігер Бақтығали Бисеновтің қызы Роза Бисенова және тағы басқа танымал тұлғалар қатысып, қор иесі туралы естеліктерімен бөлісті.

чсм

Әлихан Хамзаұлы еңбек жо­лын 1966 жылы Алматы қала­сындағы №2 қалалық клини­ка­­лық аурухананың хирургия бө­лімінен бастап, Қазақ онколо­гия және радиология ғылыми зерт­теу институтында еңбек жо­лын жалғастырыпты. Зейнет жасына шыққанға дейін отан­дық медицина саласында абырой­лы еңбегімен еленіп, көптеген ғы­лыми еңбек жазды. Оның сыртында медицина ғылымдары­­ның докторы, профессор деңгейіне көтерілді.

Ол кәсіби дәрігер ретінде онкология және радиология ғылы­ми зерттеу институты ғалым­дары жүргізген ғылыми жұмыстар­дың қорытындыларын тәжірибеге енгізу, ауыр науқастарды тиімді емдеу тәсілін жүзеге асырумен қатар, қатерлі ісіктердің сәулелік терапиясымен айналысатын үш құрылымды ірі клиникалық радиология бөліміне жетекшілік жасаған.

Осылай отандық медицина саласына жартығасырлық ең­бек сіңіріп, ұлт денсаулығын жақ­сар­ту және елімізде медицина ғы­лы­мын дамыту жолында тер төк­ті. Нәтижесінде, «Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері» ­ата­­­­­­ғы­мен және «Құрмет» орде­ні­­­­­мен марапатталып, медици­на ғы­­­­лы­­мы­ның дамуына қос­қан ма­­­ңыз­­ды үлесі үшін халықара­лық «Hip­pocrat», «Avicenna», «Пи­рогов» ордендерінің иегері атан­ды. Со­нымен қатар П.М.Пос­пе­лов атын­дағы және Ұлт­тық ­меди­цина қауымдастығы ме­да­лін алып «Алтын дәрігер» ата­ғы берілді.

Әлихан Хамзаұлының отан­дық медицина тарихына қатысты жазған құнды туындыларының бірі – «Алғашқы Алаш дәрігер­лері» атты кітабы. Бұның бас­тапқы бөлігі 70-80 жылдары жазы­­лып, кеңестік цензура тарапы­нан жойылғаны белгілі. Қазіргі нұс­қасы ұлттық медицинаның дамуы мен қа­лыптасуы жолындағы алғашқы бір­туар дәрігерлердің қай­раткерлігі мен мұрасын баян­дайды.