Дін • 27 Маусым, 2023

«Яса­уи Ислам дінін қазақтың менталитетіне ың­ғайлаған адам». Е. Раушановтың естелігінен

2496 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқырман назарына біртуар ақын марқұм Есенғали Раушановтың біраз жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтқан пікірін ұсынамыз.

«Яса­уи Ислам дінін қазақтың менталитетіне ың­ғайлаған адам». Е. Раушановтың естелігінен

Әде­­биет деген – protest, яғни қар­сылық. Әсіресе, менің өлеңдерім іштегі қарсылықтан туады. Бірде Кеңес өкіметі тұсында Орталық Азия­ны аралайтын «Өзбекстан комсомолы» дейтін үгіт-наси­хат пойызына Қазақстаннан Ұлық­бек екеуміз шақырылдық. Со­дан Хиуаның, Марғұланның көшелерін қыдырып жүрсек, бір өзбек шалы келіп, екеумізді қуалап мешітке апарып салды. Кірсек, жұма намазы оқылып жатыр екен. Жас кезіміз ғой, намаз оқуды да білмейміз, араларына тұра қалдық. Бір бірімізді мазақтап мешіттен ішек-сілеміз қатып, күліп шығып келе жат­қанбыз, пәренжі жамылған бір қызға жергілікті милицияның қыр­ғидай тиіп жатқанын көрдім. Қалай киінсе де, ол қыздың өз хақы ғой деп ойлағам сонда. Бұл 1984-1985 жылдар болатын. Ал қазір қыздарымыздың қап-қара көйлек киіп, мөлітіп-төгілтіп алғанын түсіне алмай­мын. Ол әрі-беріден соң қазақта жоқ нәрсе. Ғафур Гұлам деген өзбектің жазушысы болды.­ ­Біздің Сәбеңнің, Сәбит Мұ­­­­қа­­новтың досы. Ғафурдың қызы­ның өзі бүгінде 80-нен асты. Ха­бар­ласып тұрамын. Ғафұр ака пәренжі жамылған әйелдердің қандай сұмдық істер жасағанын жазған. «Сұм бала» деген һіка­сын оқыңыз. Тіпті, «Өйтіп тұм­шаланғанша, ашық жүргені жақ­сы емес пе?!» деген түйін де жасаған. Қыз балалардың оранып алып жүргенін қабылдай алмаймын. Біз діннен алысырақ өстік. Десе де, Бекет атаның ұр­­пағы болғандықтан, мен Ис­лам дініне міндетті түрде құр­­метпен қараймын, оның қа­ғи­­даларын үйде де, түзде де ұс­тауға тырысамын. Дей тұрған­мен, дінге бассыз, көзсіз кеткен жас­тардың «әке-шешем намаз оқы­майды» деп ата-анасына қарсы шығуы немесе «мені талақ етті» деп әйелдердің бір күйеу­ден екінші, үшінші күйеуге ке­те беретінін түсінбеймін. Ол – біз­дің қазақтың әдеп ахлағында жоқ нәрсе. Мен Қожа Ахмет Яса­уи­дің ұстанған бағытын қол­дап, қуаттаймын. Ол – Ислам дінін қазақтың менталитетіне ың­ғайлаған адам.

Қазіргі кейбір жастар қазаққа арабтардың жаңағы «дәстүрін» қайтып әкелгісі келетін сынды. Тұмшаланып оранған қызының ата-анасы бет жүзін көрмей жүр­се, оны қалай түсінеміз? Қазақ­тың қызы әке-шешесіне еркелеп, жайраңдап, әкесінің мойнында өс­уі керек емес пе?!