Қоғам • 29 Маусым, 2023

Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

«Red Wings» әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.

«Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.