Пікір • 29 Маусым, 2023

Күш біріксе, көш іркілмейді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент пен жергілікті өкілетті орган арасында тығыз байланыс болу керек. Қабылданған заңның төменге барған соң жұмыс істеуі, өміршең болуы өте маңызды. Ал аймақтағы депутаттар көптеген проблеманы бүге-шігесіне дейін біледі, тікелей араласады. Сондықтан заң шығару үдерісіне бірінші кезекте мәслихаттар депутаттары араласқаны дұрыс. Бұл заң­дардың сапалы, халыққа жа­қын болуына ықпал етеді деп есептеймін.

Күш біріксе, көш іркілмейді

Екіншіден, Парламентте мажоритарлы жүйедегі, яғ­ни бір мандаттық округтен сайланған депутаттар бар. Олар ең алдымен өңірлер­дегі өзекті мәселемен айна­лы­­суы қажет. Өңірдегі мәселе­лерді жергілікті аудан, қала, облыс­тық мәслихаттар депутатта­рымен бірлесіп шеш­кені­міз дұрыс. Аймақтағы қордалан­ған сұрақтарды бірлесе тал­қылап, нақты іске асыратын болсақ, көптеген мәселені шешуге мүмкіндік туады. Егер қажеттілік туындаса, бюд­жет мәселесін заңнамалық тұр­ғыда өзгеріс енгізу керек бол­са, білек сыбана кірісуге әзірміз.

Мысалы, Маңғыстау облы­сын алып қарайтын болсақ, Жаңаөзен, Түпқараған, Бей­неу, Қарақия ауданына қатыс­ты мәселе өте көп. Осы орай­да, өңірдегі депутат­тар хат жол­дап, біз олар­ды министр­лік­термен кездестіріп, кейбір мә­селелерді бюджетке енгі­зіп, араластық. Осы секілді ұсы­­­­­н­ыс-сауалдар әлі де келіп жатыр.

Сондықтан мұндай фор­мат­тағы форумдарды жиі ұйымдастыру қажет. Өйткені кез келген мәселені шешуде синергетикалық байланыс керек. Оның үстіне «Аmanat» партиясының қабылдаған сайлауалды бағдарламаны жүйелі іске асыруда Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары күш біріктірсе, көп­теген мәселенің сапалы, уақ­тылы дер кезінде шешуге куә боламыз.

 

Еділ ЖАҢБЫРШИН,

Мәжіліс депутаты