Пікір • 29 Маусым, 2023

Жаңашылдар бастамасы

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Форум аясында барлық деңгейдегі Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттары Астана қаласына жиналып, партия басшылығымен бас қосты. Біріншіден, саяси іс-шара – еліміздегі түйіні әлі күнге дейін тарқамаған проблемаларды талқылап, сол мәселе тура­сында өз ойын, ұсыныс-пікірін ашық айтуға деген өте жақсы мүмкіндік.

Жаңашылдар бастамасы

Екіншіден, мұның алдында болған Конституция­лық реформаға байланысты мәс­лихаттардың да, Мәжі­лістің де құзыреттілігі артты. Әуелі мәслихатқа тоқталсақ, бұрын мәслихат хатшысы десек, бүгінде мәслихаттың төрағасы деп өзгертілді. Бұл тек атының жаңаруы ғана емес, оның мазмұнының жаң­­ғыруына әкеліп жатыр. Мә­се­лен, мұның алдында мәс­ли­­хаттардың депутаттары қызметтерін қоғамдық қо­сым­ша жүктеме ретінде алып жүретін. Салдарынан көп мәселемен айналысуға уақыты болмайтын. Қазір мәслихаттың тұрақты комиссияларынан кем дегенде екі төраға толығымен таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп мәслихатта оты­рады. Міне, мұны мен мүмкіндіктің кеңеюі, құзы­рет­тің артуы деп ұғамын. Өйткені олар қазір бюджетпен айналысуға, шығыс-кірістерін толыққанды қарап, зерттеуге, қажет кезінде батыл сауал қоя біліп, тиісті ұсыныстар айтуға, өзіндік шешімдер қабылдауға мүдделі деп санаймын.

Сондықтан республика­лық деңгейде ұйымдастырыл­ған форумға еліміздің әр бұры­шынан жиылған азаматтар қаймана қазақ қамы үшін нақты бір проблемаларды көтереді деп санаймын. «Аmanat» партиясының алаңында айтылған ұсыныс­тар өз шешімін табады деп үміттенемін.

 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ,

Мәжіліс депутаты