Оқиға • 30 Маусым, 2023

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі балық тәркіледі

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі балық тәркіледі

«24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді», деп жазды ІІМ-нен.

24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.