Ауа райы • 30 Маусым, 2023

Алдағы күндері 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Тек 1-2 шілдеде солтүстік және орталықта, 2-3 шілдеде шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. 3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.

«Ауа температурасының күндіз батыста +27+35 дейін, солтүстік-батыста +22+32 дейін, солтүстікте, еліміздің орталығында +30+35 дейін, шығыста +25+33 дейін, оңтүстік-шығыста +32+37 дейін жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон + 32+40 болжанады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.