Қоғам • 01 Шілде, 2023

ШҚО-да тағы да өрт шықты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 шілдеде Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шықты. ШҚО ТЖД орманшылары мен өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына аттанып, қызыл жалынмен күресуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да тағы да өрт шықты

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақта қураған шөп өртенген, қазіргі уақытта ашық жалын жоқ.

Әйтсе де техника тікелей оқиға орнына жете алмай  жатыр, сондықтан таудың етегіне, яғни мүмкіндігінше өртке жақын келуде.

«Орманшылар мен өрт сөндірушілер тік беткейлерді жаяу еңсеріп, рюкзакты өрт сөндіргіштердің көмегімен отты қолмен сөндіруде. ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен оқиға орнына орманшылардың десанты жеткізілді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 83 адам, 10 бірлік техника және ШҚО әуе бөлімшесінің 1 МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.