Тағайындау • 03 Шілде, 2023

Атырау облысының еңбек мобильділігі орталығына басшы тағайындалды

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының еңбек мобильділігі орталығының басшысы лауазымын Қайрат Омаров атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысының еңбек мобильділігі орталығына басшы тағайындалды

Қайрат Омаров Атырау мұнай және газ институтында экономист мамандығын бітірген. 2004 – 2007 жылдары аралығында «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Атырау облыстық филиалында түгендеуші, 2007 – 2011 жылдары «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның аға менеджері болып жұмыс істеген. Ал, 2011 – 2013 жылдары аралығында банк операцияларын сүйемелдеу бөлімінің  есепшісі болған.

Ал, 2013 жылдан бері Жылыой ауданы әкімдігінде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КМК директоры қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар