Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел күтіледі. 6-7 шілдеде орталықта, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Батыста, оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайды. Ауа температурасы +33+42°С дейін жетеді. Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін болады», делінген хабарламада.