Елорда • 06 Шілде, 2023

Елорда күнінде 330-дан астам үлескер пәтер иесі атанды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешені ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда күнінде 330-дан астам үлескер пәтер иесі атанды

«Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды.

Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды.

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешеміз», деп жазды елорда әкімі.

Ллк