Елорда • 06 Шілде, 2023

Астана автопаркі жаңа автобустармен толықты

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалаға жаңа автобустар жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана автопаркі жаңа автобустармен толықты

«Қаламызға 90-ға жуық жаңа автобус жеткізілді. Осы айда тағы 40-қа жуық автобустың жеткізілуін күтіп отырмыз. Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары.

Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

Ен

Жалпы, биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады.

Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Пр

Автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оо