Аймақтар • 06 Шілде, 2023

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында шөп өртеніп жатыр

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының тау бөктерінде  шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында шөп өртеніп жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданындағы таулы жерде шөп өртеніп жатқанын хабарлады.

«Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің аумағында шыққан дала өртінің жалпы ауданы шамамен 6 гектарға жетеді. Таулы жер мен қатты желдің салдарынан қызыл жалын бірден жан-жаққа тарап кетті. Техника жетуі қиын жер болғандықтан өрт сөндірушілерге жаяу жұмыс істеуге тура келді», делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ТЖД өрт сөндіру қызметінен 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды.