Өнер • 10 Шілде, 2023

Өскемендегі балалар көрмесі

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есілдің жағасынан бой көтерген еңселі елордамыздың 25 жылдығына орай Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Астанаңды бейнеле» атты балалар көрмесі өтті.

Өскемендегі балалар көрмесі

Өскеменде өнерлі балалар­ды баулитын ондаған сурет үйірмесі бар. Соның бірі –  «Жұл­­дыз» өнер мектебі. Атал­ған мектеп оқушылары Аста­на күніне орай өтетін көрме­ге апта бұрын дайындала бас­таған. Оқушылардың бірі Астана қаласындағы көрікті ғи­мараттарды бейнелесе, енді бірі қиялға ерік берген.

– Кітапханамыз қай ме­рекені болсын, ерекше да­йын­дықпен өткізеді. Бүгінгі ме­рекелік бағдарламада сурет көрмесі де ұйымдастырылып отыр. Бұған біз «Жұлдыз» өнер мектебінің оқушыларымен қатар «Горный реучей» сурет үйірмесінің қылқалам шеберлерін тарттық. Көрмеге қойылған жұмыстары те­рең мағынаға ие. Астана кү­ніне орай өткізіліп жатқан кітапхана фойесіндегі бұл көрме бір аптаға созылады, – дейді кітапхана қызметкері Назгүл Қыдырова.

Иә, Астана – хал­қы­мызды біріктірген ота­ны­мыздың жүрегі және ұлт мақ­танышы. Соны көре біл­ген кішкентай суретшілер қыл­қалам, қарындаштың ­кө­­­­­мегімен ел астанасына деген сүйіспеншіліктерін және әсем қаладан алған әсерлерін суреттер арқылы бейнелеген. Суретшілердің бірі Астана әлі де қарыштай дами түседі дегенді меңзесе керек, ға­рыш кеңістігін бейнелеген. Қа­рап тұрсақ, балалардың қия­лы ұшқыр, сезімі таза. Айта кетерлігі, дәл осындай көрме облыстың өзге де кітапханаларында өтіп жатты.

 

Шығыс Қазақстан облысы