Аймақтар • 10 Шілде, 2023

Шығыс Қазақстанда күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында 23 тонналық күкірт қышқылы бар жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға 2023 жылдың 7 шілдесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, апат кезінде шамамен 20-21 тонна күкірт қышқылы төгілген. Оқиға орнына аудан әкімі мен уәкілетті органдардан құрылған комиссия барды.

Шығыс Қазақстан облысы ДСЭК Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бүгін, 10 шілдеде 23 тонна күкірт қышқылы тиелген автоцистерна аударылып кеткен жерде қазу жұмыстарын мердігер «Хим Транссервис» ЖШС жүргізетінін мәлімдеді.

Қосымша токсикологиялық зерттеулер жүргізу мақсатында бұлақтан екі су сынамасы алынды. 

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнынан 30 метр жерде құрғақ бұлақ, 5 шақырым жерде бұлақ бар. Ол елді мекендерден шалғай орналасқандықтан, тұрғындар бұл суды тұтынбайды.

«Топыраққа күкірт қышқылының төгілу аумағы 20-40 м шамасындай. Қалғұтын ауылдық округінің (Қаратоғай, Егіндібұлақ, Ақбұлақ ауылдары) жергілікті тұрғындарына хабарландыру жіберілді», делінген ШҚО РМК хабарламасында.