Заң бойынша енді онлайн-платформа өкілдері мен ел азаматтарының арасындағы қарым-қатынас құқықтық арнаға түседі. Ел азаматтарының құқықтары мен мүддедері заңмен қорғалады. Бүгінгі таңда онлайн-платформалардың бір бөлігі елімізде өз өкілдіктерін ашып жатыр. Ендігі кезекте аккаунтқа қатысты туындаған мәселелер заңмен тиімді реттелмек.
Мемлекеттік тілдің дамуына қатысты да оң өзгеріс бар. Жарнама бергенде мемлеҺкеттік тілдегі нұсқасын қамтамасыз ету, зиянды көріністен балаларды сақтау, олардың құқықтарын қорғау секілді мәселелер заңда қамтылған.
Заңда жалған ақпарат таратпау сынды нормалар да қарастырылған. Аталған заң ел игілігі мен қоғам дамуына қызмет етіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды деген сенеміз.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
саясаттанушы