Мәселен, кәсіподақ жолдамасымен Алға ауданынан – бес, Әйтеке би ауданынан – үш, Байғанин ауданынан – төрт, Қарғалы ауданынан – екі, Қобда ауданынан – екі, Мәртөк ауданынан төрт мұғалім табиғаты жайлы «Мерке» шипажайын-
да тынығып келетін болды. Білім кәсіподағы мектеп мұғалімдерімен қоса қосымша білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген 19 әдіскерге «Денсаулық» шипажайына жолдама тапсырды.
Мектеп жасындағы балаларды шығармашылыққа баулып, олардың бойындағы қабілеттерін ашып, тұлғалық жағынан жетілдіруде қосымша білім беру мекемелерінің үлесі қандай зор болса, денсаулығында кінәраты бар балаларға арналған мекеме қызметкерлерінің сырт көзге байқалмайтын еңбегі өте күшті.
Бұл жолы кәсіподақ жолдамасы тоғыз аудандағы психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті, сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған балабақша, облыстық және қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымы, оңалту орталығының бірнеше әдіскеріне берілді.